08:00, 28 Қараша 2014 | GMT +5
Австралияда алапат дауыл соғып,70 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы Брисбен қаласында соңғы онжылдықта болмаған алапат дауыл соқты. Қалада жауын мен бұршақ жауып, желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін көтерілді.

70 мыңға жуық үй электр энергиясыз қалды.
Дауыл баспаналар шатырын бұзып, зәулім ғимарат терезелерінің шыныларын шақты. Көшедегі тасқын су тіпті көлікті жабуға жуықтады. Көмекке әскер тартылды.
Биліктің бағалауынша, қаланы қайта қалпына келтіруге кететін шығын жүз миллион доллардан асуы мүмкін.