Австралияда әлемдегі ең кәрі ит өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда Мэгги атты әлемдегі ең кәрі ит өлді. Ол Виктория штатының фермері Брайан Маларенге тиесілі болған.
«Иттің жасы 30-да. Өткен аптада көшеде қыдырып, мысықтарға ырылдап, сүт фермасынан кеңсеге барып жүрген», - деді иесі.
Оның айтуынша, Мэгги өлгенге дейін бірнеше апта ішінде мысықтан сүт өнімдерін күзеткен. Алайда соңғы екі күнде әлсіреп қалды. Итті Маклеранның басқа итінің жанына фермадағы қарағай түбіне жерледі, деп хабарлады Like-A порталы.
Адам жасымен салыстырғанда, Мэгги 200-ден асты. Өкінішке орай, фермер оның құжатын жоғалтып алған, сондықтан шенеуніктер оның жасын растай алмады.
Әрі, ветеринар Джек Айерби Мэгги шынымен де мәлімделген жасқа сәйкес келетінін атап өтті. Ол мұндай жасқа иттер ветеринарияның жетістігінің арқасында жете алатынын қосып өтті.
Бұрын ең егде ит 1939 жылы 29 жасында өлген австралиялық Блюи болатын.