Австралияда алғаш рет Зика безгегін жұқтырған жүкті әйел тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Квинсленд штатының билігі елде алғаш рет жүкті әйелдің Зика безгегін жұқтырғаннын растады.

Австралияда алғаш рет Зика безгегін жұқтырған жүкті әйел тіркелді

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, вирусты жұқтырған келіншектің шетелге барып келгенін мәлім етті. Алайда оның қай елген барғаны айтылмады.

Австралияда жыл басынан бері Зика вирусын жұқтыруға қатысты бес оқиға тіркелген. 2014 жылы - 13, 2015 жыл - 7 науқас анықталған. Айта кету керек, сырқат белгісі анықталғандардың дені шетелге барғандар.

Медицина қызметкерлерінің пікірінше, Австралия тұрғындарына безгекке қатысты тұрғындардың алаңдауына еш себеп жоқ. Өйткені, мұнда ауруды тарататын масалар жоқ. Олар тек Квинсленд штатының шалғай тропикалық аудандарында ғана кездеседі.