Австралияда алғашқы қауымдағы алып аңның қалдығы табылды

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Автриялық ғалымдар алып аңның сүйегін тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.

Австралияда алғашқы қауымдағы алып аңның қалдығы табылды

Журналистердің айтуынша, аздап аюға келетін, бірақ салмағы шашамен 3 тонна болатын бұл шөппен қоректенген қалталы сүтқоректі жануар Австриялада 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Аңның сүйегі құрлықтың солтүстік-шығысында орналасқан Квинсленд штатындағы фермадан табылып отыр. Аңның сүйектері жақсы сақталған, сондықтан зоологтар бұл аңның сүйегін Австралияның ең маңызды жаңалықтарының бірі деп атай алады.