Австралияда Apple техникасын бұзып кіру оқиғалары жиілеп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда бір мезгілде Apple компаниясының смартфондары мен планшеттерін және ноутбуктерін пайдаланушылар өздерінің техникаларының жүйесін белгісіз алаяқ бұзғандығы жайында хабарлады.
Гаджеттердің жүйесін бұзып кірген алаяқ құрылғыларды блоктан шығару үшін олардың иелерінен ақша талап етуде, деп жазады Би-Би-Си.
Зардап шегушілерлердің құрылғыларының экранында «Сіздің құрылғыңызды Олег Плисс бұзып кірді. Құрылғыны блоктан шығару үшін» деген хабарламалар шығып отырған.
Алайда, кейбір пайдаланушыларға кейіннен PayPa төлем жүйесі арқылы 100 доллар немесе еуро төлеу туралы нақты талаптар келіп отырған.
Sydney Morning Herald газетінің мәліметінше, құрылғыларды бұзып кіру оқиғасы Австралияда кеңінен қанат жайып отыр.