Австралияда аптап ыстық: Рекордтық температура тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралияда температура рекордтық көрсеткішке жетті. Елде 17 желтоқсанда аптап ыстық болып, сынап бағанасы +40,9° градусты көрсетті, деп хабарлайды The Guardian метерологиялық бюроға сілтеме жасап.

Австралияда аптап ыстық: Рекордтық температура тіркелді

Бұдан бұрынғы рекорд 2013 жылғы қаңтарда тіркелген еді. Онда ауа температурасы 40,3 градусқа жеткен болатын.

1,6 мыңнан астам өрт сөндіруші кешелі бері ел аумағында тұтанған бірнеше ірі өртті ауыздықтауға әрекеттеніп жатыр. Әсіресе, Госперс тауы төңірегіндегі жалын бой берер емес.

Ресми деректер бойынша, 2019 жыл Австралиядағы метеобақылау жүргізілгелі бергі ең ыстық жыл болуы мүмкін.