Австралияда автомобиль дәмханаға соғылып, салдарынан 21 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Равеншу қаласындағы дәмханада болған оқиға салдарынан жиырма бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды Би-би-си.
Жолдан бұрылған көлік дәмхананың аумағына кіріп, онда тұрған газ баллонына соғылды. Соның салдарынан баллон жарылып, өрт басталып кетті.
Зардап шеккен үш адам тікұшақпен Кэрнс қаласының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Квинсленд штаты билік көздерінің өкілі.