Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралияда балық балықшыны «ұстап алды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 жылдан бері Австралияның Батыс жағалауында балық аулап келген балықшының қармағына марлин тұқымдас қызыл әрі үлкен балық іліккен. Үлкендігі сонша, балықшы балықты емес, балық балықшыны ұстап алып, өзімен бірге көк теңізге алып кеткен, деп хабарлады ABC.

Австралияда балық балықшыны «ұстап алды»

Австралиялық суда алты сағат өткізген. Бұл уақытта оның қайығы жағаға келген. Мoya-planeta.ru хабарлауынша, өзге балықшы бос келген қайықты көріп, тиісті орындарға хабар берген. Тағы бір қайық ер адамға судан шығуға көмектескен. Ер адамның денесі суыған және есеңгіреген күйі ауруханаға жеткізілді.

Құтқару қызметінің өкілдері балықшының жолы болған деп отыр. Австралиялық ТЖМ балықсүйер қауымға жағадан алшақ кетпеуді тағы да ескертті.