Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралияда Cirque du Soleil әртісі шоу кезінде биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал Cirque du Soleil әртісі Австралияда өнер көрсету кезінде бес метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады lenta.ru.

Австралияда Cirque du Soleil әртісі шоу кезінде биіктіктен  құлап кетті

Зардап шеккен әртіс - үш рет Олимпиада ойындарына қатысқан 35 жастағы гимнастка Лиза Скиннер. Ол Брисбен аренасында әуе шеңберлерінен құлап кеткен.

Қазіргі уақытта Л.Скиннер ауруханада жатыр. Дәрігер белін жарақаттап алуы мүмкін деп болжап отыр.

Өткен жылы цирк гимнасткасы Түрлі-түсті желекжолда трюк орындаймын деп, 25 метр биіктіктен құлаған еді.