Австралияда ер азамат өзінің 11 жасар қызын кепілдікке алды

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сиднейдің батысында отбасы ісі бойынша сот ғимаратында белгісіз азамат қыз баланы кепілдікке алды.

Австралияда ер азамат өзінің 11 жасар қызын кепілдікке алды

ИТАР-ТАСС-тың жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлағанындай, болжам бойынша қаскүнемнің беліне жарылғыш зат байланған.

Зиянкестің тұтқынына түсіп қалған 11 жасар қыз оның өз қызы болуы мүмкін, деп хабарлайды австралиялық телеарналар.

Полиция сот ғимараты айналасын қоршауға алды. Жақын маңда өрт сөндіруші машина да дайын тұр.

Әзірге беліне жарылғыш зат байлаған әкенің талабы белгісіз.

Орын алған оқиғаға байланысты Сидней құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. Аталған жағдайға байланысты әзірге басқа мәліметтер жоқ.