Австралияда ерлі-зайыптылар өлген кенгурудың қалтасынан төлін шығарып, құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы Брисбенде Мэттью Дрю мен оның әйелі жаралы, науқас жабайы жануарларды қадағалаумен айналысады.
Бірде олар жол жиегінде жатқан кенгурудың аналығын көреді. Олар не болғанын білу үшін дереу көліктерін тоқтатады.
«Біз оның өлі-тірісін, қалтасында төлі бар ма, жоқ па, тексергіміз келді, - деді Мэттью. Бар екенін көрген олар кенгурудың баласын алып шығып, ветеринарлық клиникаға апарды.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, жарты жыл бұрын да осындай жағдайға тап болған. Олар құтқарған кенгуру сап-сау болып өскен.