Австралияда кенгуру шабуылынан екі адам жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Австралияда Клэр шатқалын велесипедпен аралап жүрген екі әйелге кенгуру шабуылдады. 45 жастағы Шарон Генрихтің қабырғасы сынып, ішкі құрылысына зақым келген, 47 жастағы Хелен Солтердің миы шайқалған, деп жазады Australian Associated Press.
None
None

Өткен сәрсенбі күні Клэр шатқалының сұлу табиғатын тамашалап, туристік 35 шақырымға созылған Riesling Trail веложолымен келе жатқан екі әйелге жергілікті қосаяқ жануар шабуыл жасаған.

Генрих жолдың шетінде тұрған кенгуруді көргенімен оған аса мән бермеген. Алайда қалталы жануар әйелді қосаяқтап теуіп жіберген де екінші кісіге ұмтылған.

Қазір қабырғасы сынған Генрихке ота жасалмақ.

Мамандар кенгурудан сақтанып жүруді ескертеді. Олар ірі, бойы адаммен бірдей, әрі бұлшық еттері керемет дамыған қарулы, адамды мерт етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар