Австралияда кенгурудың соққысын алған шағын тікұшақ «апатқа ұшырады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы саябақтардың бірінде мекендейтін кенгурулардың тіршілігін түсіру үшін табиғат зерттеушілері ұшырған квадрокоптер күтпеген жерден апатқа ұшырады.

Австралияда кенгурудың соққысын алған шағын тікұшақ «апатқа ұшырады»

Бұл оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы саябақ аумағында болды. Табиғаттанушылар бейнекамера бекітілген дронды кенгурулардың тыныс-тірлігі жайлы егжей-тегжейлі білу үшін пайдаланған. Сірә, кенгурулар мен олардың төлдеріне шағын ғана тікұшақтың шуылы мен іздерінен қалмай жүргені ұнамаған болса керек, олар одан арылмақ болып шешкен. Сол себептен оған күтпеген жерден "соққы" жасаған. Дрон иелері құралды алып, онда бекітілген бейнекамераның ішінен жады картасын алып тастады. Ұшыру құралының өзі болса, күрделі зақымданған, еш жөндеуге келмейді, деп жазады Сегодня.