08:07, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Австралияда қолтырауын суға тартып кеткен әйел табылмай жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аввстралияда қолтырауын шабуылдаған әйел іздестірілуде, деп хабарлады Australian Broadcasting Corp берген сұхбатында ел полициясының өкілі.

Жоғалған әйелді тепловизор көмегімен тікұшақпен табу әрекеті де сәтсіз аяқталды.
Әйелді жаяу, судан құтқарушылар іздеу үстінде.
Оқиға Квинсленд штатында, құрлықтың солтүстік-шығысындағы Дэйнтри ұлттық саябағында орын алған.
Қолтырауын кешкұрым теңізге түспекші болған екі әйелдің біріне шабуылдаған.
Қолтырауын шабуылдаған әйел шыңғырып, артынша суға батып кетті. Құрбысы тартып, шығармақшы болған, бірақ ол әрекеті жүзеге аспады.
Қолын жыртқыш тістеген әйел ауруханаға жатқызылды, деді штаттың жедел жәрдем қызметінің өкілі.