16:29, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Австралияда көзі түрлі түсті қалталы аюды белгілі музыканттың құрметіне Боуи деп атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия Зообағының ветеринарлық клиникасында ерекше қалталы аю пайда болды. Оны белгілі музыкантқа ұқсағандықтан, Боуи деп атады.
Жануар көлік соқты деген күдікпен ветеринарларға жеткізілді. Оның көздерінің түсі әр түрлі болғандықтан, зообақ қызметкерлері Дэвид Боуи құрметіне соның есімімен атады. Британиялық музыкантта осындай ерекшелік болған, деп хабарлады Mashable.
Әйгілі британиялық әнші және музыкант Дэвид Боуи 2016 жылы 11 қаңтарда 69 жасында бауыр ісігінен қаза тапты.