16:56, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Австралияда қыран сәбиді іліп кете жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктория штатындағы Alice Springs Desert саябағындағы шоу кезінде алып қыран кішкентай баланы алып кетпек болған, деп жазды russian.rt.
Шоу көрермендерінің бірі құстың балаға шабуыл жасағанын суретке түсіріп үлгерген. Бала аздап жарақаттанды.
«Бала күртесіндегі сыдырма ілмегімен ойнап отырған. Бұл құсқа ұнамаған көрінеді», - деп жазды пайдаланушы өзінің Instagramдағы парақшасында.