Австралияда медбикелер ереуілге шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралияда мыңдаған медбикелер ереуілге шықты. Ереуілді білім беру қызметкерлерінің аймақтық кәсіподақ бірлестіктері, сондай-ақ Австралияның біріккен кәсіподағы қолдады.
Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Медбикелер мен акушерлер Премьер-Министр мемлекеттік ауруханаларда кадрлардың жетіспеушілік мәселесіне назар аударады деген үмітпен осындай түбегейлі шараларға барды.
Қытай ғалымдары COVID-19 вирусы тудыратын аурудың таралуын болдырмау үшін ауадағы жаңа коронавирустың іздерін анықтау жүйесін құруда.
Қытай ғалымдарының пікірінше, COVID-19 негізінен ауа тамшылары арқылы таралады, адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус ауада, әсіресе жабық жерлерде сақталатын аэрозоль бөлшектері арқылы да берілуі мүмкін.
Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсімі бойынша антирекордтар тіркелді: Оңтүстік Кореяда — 90 443, Индонезияда – 64 718, Вьетнамда – 34 737.