Австралияда педофилиямен айналысты деген күдікпен дін қызметшісі қамауға алынды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚАЗАҚПАРАТ - Австралияда Рим католиктік шіркеуінің педофилиямен айналысты деп айыпталған дін қызметшісі қамауға алынды, деп хабарлайды Росбалт.
None
None

Дүйсенбі күні 67 жастағы Джулиан Фокс кепілге босатылғаннан кейін Мельбурндағы Виктория штатының орталық полиция бөлімшесіне өзі келгені белгілі. Енді ол жұма күні, 26 сәуірде сотқа келуі тиіс деп хабарлайды, The Herald Sun.

Дін қызметкерін балаларға көрсеткен он жыныстық зомбылық жағдайы бойынша айыптауда. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, бұл Мельбурн қаласының маңында 1976-1985 жылдар аралығы кезеңінде болған.

Дін қызметкерін қамауға алмас бұрын, Австралия полициясы оны ұстап беру туралы 2012 жылдың шілде айынан бастап ұзақ келіссөздер жүргізді. Джулиан Фокс 1999 жылы оған айып тағылғаннан аз уақыт бұрын Австралиядан Фиджиге көшті. Кейінірек ол Римге көшіп, бас кеңсесі Ватиканнан он километр қашықтықта орналасқан салезиандық Дон Босконың қарамағында жұмыс істеген.

Фокс Австралияда бір жылдан аз уақыт бұрын қамауға алынған үшінші салезиандық екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, бұл сол үшін арнайы құрылған корольдық комиссия тарапынан әр түрлі конфессиялар арасында педофилдерді әшкерелеу топтамасындағы соңғы жағдай. Ол Австралияда 2012 жылғы қарашада оппозицияның бастамасы бойынша пайда болды.

Соңғы жаңалықтар