Австралияда су басқан көшелерде қолтырауындар жүзіп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның солтүстігінде нөсер жауын жауып, салдарынан көптеген қаланы су басты. Үй жануарлары мен малды азық етіп жатқан қолтырауындар көшеде қаптап жүзіп жүр.
None
None

Адамдарды қауіпті аймақтардан шұғыл көшіріп жатыр, деп хабарлады The Telegraph.

"Су басқан көшелерде жүзіп жүрген қолтырауындарды көрдік. Олар футбол алаңдарында да байқалды", - деді қала тұрғыны Дэйли-Ривер.

Жергілікті құтқару қызметінің басшысы Эндрю Уортон елді мекен тұрғындарына абай болуға кеңес берді.

Полиция ақпаратынша, тропиктік жауын-шашындар салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам із-түзсіз жоғалған.

Соңғы жаңалықтар