Австралияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан жүздеген үйді су басты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Мельбурн қаласы маңында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жүздеген үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC арнасына сілтеме жасап.

Австралияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан жүздеген үйді су басты

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан Виктория штатының көп бөлігіне зақым келді, кем дегенде 500 үй су астында қалды және осыншамасы сыртқы әлеммен байланысын үзді. 4,7 мыңнан астам үй жарықсыз қалған.

Виктория штатындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдай одан әрі ушыға береді деп болжанып отыр.

Қауіпті жағдай Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты мен Тасмания аралдық штатының бірқатар аудандарында да болған.

Елдің оңтүстік-шығыс жағалауында рекордтық нөсер жаңбыр салдарынан су басу қаупі туындап, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.


Фото: abc.net.au