Австралияда ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Гленн Иннес қаласының маңында жексенбі күні шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы штат полициясынан хабарланды.

Австралияда  ұшақ апатқа ұшырады

Оның ақпаратынша, апат салдарынан екі адам - ұшқыш және жолаушы қаза тапты. Ұшақтың апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз, деп жазады ТАСС.