Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралияда зағип жандарға қолайлы жаңа банкноттар шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның қор банкі бес доллардың жаңа банкнотын айналымға шығарды. Ол көз жанары нашар көретін зағип жандарға қолайлы әрі алаяқтардың жалған ақша жасауынан қорғалған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Австралияда зағип жандарға қолайлы жаңа банкноттар шықты

Жаңа банкнотта бұрынғысынша патшайым Елизавета ІІ бейнеленген. Өзгерген үлгінің ортасына мөлдір жолақ қалдырып, оған құстың суретін салған. Ол ақша козғалғанда қанат қаққандай көрініс береді.

Банкноттың дизайнын жасағандар оған ұлттық белгілер қосылғандықтан халықтың да көңілінен шығады деп сенеді. Енгізілген тағы бір өзгеріс енді ақшаны көрмей-ақ қолмен сезіп тануға болады. Сол үшін оған арнайы екі белгі қойылған.

«Банкноттың зағип жандарға да қолайлы болуына қол жеткізу үшін үш жыл уақытымды сарп еттім. Өзім үшін де өзгелер үшін де пайдалы іс жасағанымды мақтан тұтамын», дейді нашар көретін жандардың құқығын қорғаушы Коннор Маклеод.