Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралияда жаңа банкноталарды автоматтар қабылдамай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда таяуда қолданысқа енгізілген 5 долларлық жаңа ақшаны тамақ және сусын сататын автоматтар қабылдамай қойды, дп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Австралияда жаңа банкноталарды автоматтар қабылдамай жатыр

Вендинг машиналары (vending) бұл банкнотаның ортасындағы мөлдір тұсты оқи алмайды. «Автоматтың ақшаны танып-білетін бөлігі 5 долларлық банкнотаның мөлдір тұсын «ақшаның шеті екен» деп қалады да, қабылдамастан кері қайтарып береді», - дейді вендинг бірлестігінің президенті.  

Енді осыған байланысты бүкіл ел бойынша шамамен 100 мыңға жуық автоматтың ішкі бағдарламасын өзгерту керек. Бұл үшін кәсіпкерлер $20 млн жұмсауы тиіс, деп хабарлайды The Daily Telegraph.