Австралияда жыртқыш құс тірі жыланды автомобильге лақтырып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда жыртқыш құс жолда келе жатқан автомобильге тірі жыланды лақтырып кетті.
Видео Facebook-тағы австралиялық видеотіркеуші иелері қауымдастығының (Dash Cam Owners Australia) парақшасында жарияланды.
Жыланды өткір тырнақтармен қысып алған құс күре жолда жерге жақын ұшып келе жатқан. Машинаға небәрі бірнеше метр қалғанда ол кенеттен жемтігін тастап жіберген де одан әрі ұшып кете барған.
Аяқ астынан мұндай сұмдыққа тап болған көлік ішіндегі жолаушылар алғашқыда қатты шошынғанымен өздеріне еш қауіп төніп тұрмағандықтарын көргеннен кейін ғана көңілдері жайланған көрінеді.
Әлеуметтің желіні пайдаланушылардың кейбірінің пікірінше, егер тірі жылан мотоцикл жүргізушінің үстіне құлағанда жағдай мүлдем басқаша болар еді. Енді бірінің ойынша, құс жемтігін өлтіру үшін әдейі машинаға лақтырған. Бұл роликті 600 мың адам көрген.