Австралиядағы аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні австралиялық Перте қаласында ауа температурасы 44,4º С жетті.

Австралиядағы аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

Бұл 1991 жылдан бастап елдегі қаңтар айындағы ең ыстық күн болды, деп хабарлады Би-би-си. Бұл жолғы жаз 1910 жылдан бергі ең ыстық жаздардың бірі.

Австралиялық метеорологтар хабарлағандай, өткен жыл салқын күндердің азаюымен және ыстық маусымының жиілуімен ерекшеленді. Мұндағы жылдық орташа температура қалыпты жағдайдан 0.91ºC жоғары болды. Елдің оңтүстігіндегі ормандар толассыз өрттерден зардап шегуі мүмкін.

Қазір өрт сөндірушілер Аделаида қаласы маңындағы тілсіз жаумен күресуде. Ауа температурасы көтеріліп, желдің жылдамдығының күшеюі өрттің таралуына әсер етуі мүмкін деген болжамдар жасалуда.