12:08, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Австралиядағы бәссаудада алғаш шыққан ақша банкноты сатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы айдың соңында Сидней қаласында өтетін аукционда 1817 жылы айналымға енген алғашқы австралиялық ақша банкноты сатылады.
10 шиллинг номиналындағы банкноттың 100 данасы басылған және ол Жаңа Оңтүстік Уэльсте де айналымда болған. Көп жылдар бойы бұл серияның банкноттары жоғалып кетті деп есептелген, алайда 2005 жылы олардың біреуі Шотландиядағы жекеменшіктегі коллекциядан табылды. Осы сериялық нөмірі 55 австралиялық тұңғыш ақша саудаланады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Аукционда оның бастапқы бағасы 225 мың долларды құрамақ.