Австралиядағы саммитте акуладан қалай қорғану мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барша әлемдегі акула жөніндегі сарапшылар сейсенбіде Сиднейде бас қосады. Олар соңғы айда акулалардың шабуылы күрт артып кетуіне байланысты қалай қорғану мәселесін талқылайды.

Австралиядағы саммитте акуладан қалай қорғану мәселесі талқыланады

Биыл австралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 13 акула шабуылы (өткен жылы үшеу болған) тіркелді.

Сарапшылар алуан түрлі болжам айтуда, бірі мұхит температурасы көтерілгендіктен десе, екіншісі теңізде жүзетін адамдардың артқанын алға тартуда. Мысалы серферлер жаңа гидрокостюмнің көмегімен суда көбірек бола алады.

Әзірге акулалармен күресте басқа теңіз тіршілік иелеріне кедергі келтірмей олардың электрорецепторына әсер ететін магниттік алаң тарататын жүйе, жағажай маңына пластикадан икемді қоршау орнату сияқты тәсілдер бар.