Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралияға жойқын циклон төніп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Квинсленд штатының жағалауына тропикалық «Дебби» циклоны жақындап келеді.

Австралияға жойқын циклон төніп келеді

Циклонмен бірге келетін дауылды желдің жылдамдығы сағатына 250 шақырымға дейін жеткен, деп хабарлайды Би-би-би ресейлік қызметі.

Көршілес аралдардан ондаған мың тұрғын эвакуацияланды. Австралияның метеорологиялық бюросы «Деббиді» бес балдық санаттың төртіншісімен бағалады.

«Дебби» циклоны Уитсанди аралдарын қиратып үлгерді, сейсенбі күні таңертең ол Квинслендке келеді деп болжануда.

Билік мұны соңғы 6 жылдағы ең ірі циклон деп атады.

Бұған дейін Австралия премьер-министрі Мальколм Тернбулл жергілікті тұрғындарды өз үйлерінен кетіп, қауіпсіз жерге орналасуды сұрады.

Билік азық-түлік пен жанар-жағармай қоры бар қоймаларды ұйымдастырды. Әскер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін сақадай сай тұр.