Австралиялық ӘӘК Иракқа алғашқы жауынгерлік тапсырмамен ұшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның ӘӘК ұшақтары Иракқа алғашқы жауынгерлік тапсырмамен ұшты. Әзірге олар «Ислам мемлекеті» тобы жауынгерлерінің позицияларына соққы жасаған жоқ, деп хабарлады ИТАР -ТАСС.
Екі австралиялық F/A18 штурмовигі Бірікке Араб Әмірліктерінің әуе базасынан ауаға көтеріліп, Ирак территориясының үстінде жалпы жеті сағаттан артық уақыт болды.
Австралия БАӘ-дегі ӘӘК базасына ӘӘК-нің 400 әскери қызметкері мен сегіз ұшағын қыркүйектің соңында аттандырған болатын. Үшінші қазанда үкімет олардың Ирактағы әскери шараларға қатысуына тыйым салды.