Австралиялық әйел 17 күннен кейін орманнан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық әйел Квинсленд штатының солтүстігіндегі орманда жоғалып кеткеннен кейін 17 күннен соң табылды, деп хабарлады Би-би-си.

Австралиялық әйел 17 күннен кейін орманнан табылды

Үш баланың анасы, 30 жастағы Шэннон Ли Фрейзер екі ер адаммен бірге, оның біреуі - азаматтық некедегі күйеуі - Голдан Хоул деген жерге суға шомылуға барған.

Әйел ер адамдардан бөлініп кеткен, бірақ та машинаға кері оралмаған, бұл жөнінде серіктері дабыл көтерді, деп хабарлады Квинсленді полициясы.

Әйелдің туыстарының айтуынша, Шэннон орманда өзеннен су ішкен, ұсақ балықтармен және жәндіктермен қоректенген, - өйткені оның өзімен бірге ала шыққан тағамы болмаған. Оның жабайы жануарлардан, соның ішінде қолтырауыннан да қорғануына тура келген.

Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Шэннонның азаматтық некедегі күйеуінің айтуынша, оның денесін тыртық басқан. «Оның қалай тірі қалғанына таңғаламын», - деді ері.

Шэннонды іздеуге полиция және құтқару қызметі жұмылдырылды, оны тікұшақпен де іздеді - іздеу топтары түрлі-түсті маркерлер лақтырды, Соның арқасында ол орманнан шықты, құтқарушылар оны жоғалып кеткен орнынан 30 метр жерден тауып алды.

Бұрын салмағы 90 келі болатын ол осы кезде 16 келі салмақ жоғалтқан.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеруде, дегенмен құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, оның жоғалып кетуінде қысастық сияқты қандай-да бір күдікті жағдай болмаған.