Австралиялық бал аралардың арқасына сенсорлы құрылғы орнатылуда

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Австралияда мыңдаған бал аралары шағын сенсорлармен жабдықталып, енді бұл құрылғы арқылы олардың қозғалысын бақылауға мүмкін болып отыр.

Австралиялық бал аралардың арқасына сенсорлы құрылғы орнатылуда

Осы арқылы ғалымдар жер шарының солтүстік жартысында неліктен бал араларының популяциясы азайып отырғандығын анықтауға кіріспек. Атап айтқанда бұндай қадамға баруға бал араларының ауыл шаруашылығы дақылдарын тозаңдандыруда маңызды рөл атқаруы себеп болып отыр. Аталған құрылғыны орнатардың алдында жәндіктерді ұйықтатып, бес минутке тоңазытқышқа орналастырады, кейін олардың арқасына өте кішкентай сенсор бекітіледі. Егер де бұл ғылыми тәжірибе өз жемістерін беріп жатса, онда зерттеушілер өзге де жәндіктерді осындай құрылғымен жабдықтауды көздеп отыр.