Австралиялық футболшы 40 метр қашықтықтан өз қақпасына гол соқты - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубының қорғаушысы Джошуа Роуз (Joshua Rose) қытайлық «Гуанчжоу Фулимен» Азия чемпиондар лигасы ойыны барысында өз қақпасына 45 ярд (40 метрге жуық) қашықтықтан гол соқты.
Бұл туралы BT Sport хабарлады.
Матчтың аяқталуына санауы минуттар қалған сәтте алаң ортасында болған Розу допты өз командасының қақпашысына қайтаруға тырысқан еді. Алайда футболшы дәл бағыттай алмай, доп қақпаға соғылды.
Доп қақпашыдан бірнеше метрге алшақтап кетті, сондықтан ол қақпайлай алмады. Матч 3:1 есебімен «Гуанчжоудың» жеңісімен аяқталды.