02:10, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Австралиялық оқушылар сабақты тұрып оқитын болды
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австралияның Мельбурн қаласында төменгі сынып оқушылары сабақты тұрып оқитын болды. Бұл - балаларды семіздік пен жалқаулықтан қорғау үшін қолға алынған жоба.

«Тұрып дайындаламыз» деп аталатын оқу бағдарламасы Монт Альберт мектебінде енгізілді, деп жазады «Алаш айнасы» басылым. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, екі ай бұрын сыныптарға биік үстелдер қойылған. Оқушылар сабақты сол үстелдерге сүйеніп тұрып оқиды. Отырғысы келген балаларға рұқсат беріледі. Педагогтардың айтуынша, бұл әдіс оқушылардың сабақты жақсы игеруіне оң әсер етеді әрі гипербелсенді балалар үшін өте қолайлы. «Ең бастысы, жаңа жобаның көмегімен балалар арасындағы семіздік ауруының алдын алуға болады. Тұрып тұрған кезде бұлшықет көп қозғалып, қан айналымы жақсарады, ағза шаршамайды. Ал отыру сусамыр, жүрек-қан тамырлары ауруы қаупін туғызуы мүмкін», - дейді австралиялық мамандар.