Австралиялық Qantas әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпания атанды
Әлемнің ең қауіпсіз әуекомпаниялары рейтингісіне 150 шақты компания енді. Соның ішінде ең үздігі - Австралияның Qantas компаниясы, деп хабарлайды dw.com.
Airlineratings талдау агенттігі үшінші жыл қатарынан Австралия әуекомпаниясы Qantas-ты әлемдегі ең қауіпсіз әуе тасымалдаушысы ретінде мойындады. Әлемдегі 407 авиакомпания қызметін сараптаған мамандар рейтинг жасады, онда қауіпсіздік саласының ең жоғары 7 балын 148 компания иемденген. Ал, қазақстандық «Эйр Астана» 7 балдың 5-уіне ие болған.
Үш және онан да төмен балл алған 50 әуекомпаниясы рейтингтің төменгі қатарынан орын алды.
Рейтинг жасалғанда ұшырылымның жайлылығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру, ұшақтарды ұдайы жаңарту, олар орналасқан әуежайлардың деңгейі есепке алынған.
Сондай-ақ авиациялық аудит ұйымының деректері, қайғылы жағдайлар статистикасы ескерілген.