Австралиялық сүңгуірге акула шабуылдады - ол ажал құшты
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Австралиялық сүңгуір акула шабуылынан мерт болды,
деп хабарлайды жергілікті News.com.au порталы.
Төтенше оқиға кеше Автралия жағалауында орын алған. Оқиға орнына тақау жерде гидроциклмен жүрген куәгерінің айтуынша, акуланың ұзындығы 4-5 метр болған. «Барлық жер қызыл қанға айналды, мүрдені үлкен ақ акула айналып жүрді. Мен судан мүрден алып шығуға тырысып едім, бірақта акула маған шабуылдап, гидроциклден аударып түсіруге тырысты», - деді ол.
Сүңгуірдің денесі әлі табылған жоқ. Белгілі болып отырғаны, оның жасы - 24-те