07:40, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Австралиялық топ-менеджерлер мінген ұшақтың сынықтары Конгодан табылды
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Австралиялық кен шығарушы Sundance Resources компаниясының өкілдері бар жоғалған ұшақ Конго Республикасынан табылды.

Ішіндегі 11 жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі Фран Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ұшақ Камеруннен маусымның 19-ы күні ұшып шыққан және кен шығарушы компанияның бір нысаны орналасқан Конго Республикасы Санга облысындағы Янгаду қаласына жетуі керек болған. Ұшқаннан кейін Casa C212 ұшағы жоғалып кеткен. Ішіндегі адамдардың ешқайсысы тірі қалмаған.