Австралиялық жердегі сияқты мотоциклмен теңізде жүріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық каскадер Робби Мэддисон Тынық мұхитының толқындарын арнайы су шаңғысы бекітілген мотобайкпен жарып жүргені бейнеленген видео кең тарап келеді.
None
None

Бір тәулік ішінде роликті шамамен 2,5 миллион адам тамашалаған, деп хабарлады Mashable.

Видео DC Shoes фирмасының қолдауымен түсірілді. Pipe Dream ("Орындалмас арман") деп аталған кадрларда спортшы қатты жылдамдықта мотоциклімен мұхитқа кіргені көрсетілген. Алайда австралиялық жай жүріп қана қоймай, толқындарда қиын трюктер жасады.

Жоба авторларының сөздеріне сенсек, байкты жабдықтау мен трюкке дайындалуға екі жылдай уақыт кеткен.

Соңғы жаңалықтар