Австралиялықтар күн батареясы арқылы рекордтық жылдамдықпен жүретін автокөлік шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тиімді электрокар өндірісімен Tesla Motors сияқты ірі компаниялар ғана емес, сонымен бірге Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің дарынды студенттері де айналыса бастады.

Австралиялықтар күн батареясы арқылы рекордтық  жылдамдықпен жүретін автокөлік шығарды

Олар күн батареясымен жүретін көлік жасап қана қоймай, оған жылдамдық рекордын да орната білді, деп хабарлады S2 порталы.

Жаңа құрылғы Sunswift деп аталады, ол күтпеген жерден өз сыныбында ең шапшаң көлік атауын алды. Орташа жылдамдығы жолдың 500 шақырым бөлігін өткенде, сағатына 10 шақырымды, ал ең жоғары жылдамдығы сағатына 132 шақырымды құрады.