Австралияның ӘӘК-і «Ислам мемлекеті» содырларына әуе соққысын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның әскери ұшақтары Ирактағы «Ислам мемлекеті» содырлары позицияларына алғашқы әуе соққысын жасады, деп жазады Росбалт.

Австралияның ӘӘК-і «Ислам мемлекеті» содырларына әуе соққысын жасады

Әуе соққысының көздеген нысаны ретінде ИМ экстремистері пайдаланып келген ғимарат алынды. Австралия өз әскери әуе күштерінің Ирактағы "Ислам мемлекетіне" (ИМ) қарсы әскери шараға қатысуын мақұлдаған. Сонымен бірге, Австралия Иракқа жергілікті солдаттарды жаттықтыратын әскерилерді жібереді деп күтілуде.