Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Г.Воскобоева бельгиялық Я.Викмайерді ұтты
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін басталған теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Галина Воскобоева бельгиялық Янина Викмайерді 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
Я.Викмайер - рейтингте Г.Воскобоевадан жоғары тұрған ойыншы, әлемнің 28-інші теннисшісі. Соған қарамастан қазақстандық теннисші өз шеберлігін көрсете білді.
Галина екінші айналымда болгариялық белгілі теннисші Цветана Пиронковамен кездеседі.