07:55, 04 Қаңтар 2015 | GMT +5
Австралияның оңтүстігінде 11 мың гектар орман өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның оңтүстігінде Аделаида қаласына жақын маңда 11 мың гектар орман отқа оранды, деп жазады ТАСС. Сондай-ақ бір түн ішінде 30-дан аса тұрғын үйді де өрт шалған.
Белгілі боллғандай, мыңдаған жергілікті тұрғын қала маңындағы арнайы ұйымдастырылған уақытша баспаналарға барып түнеуде.
Тілсіз жаумен қазіргі кезде 2 мыңнан астам өрт сөндіруші күресіп жатыр, сондай-ақ 14 ұшақ пен тікұшақ та жұмылдырылды. Алайда желдің қатты соғып, бағытын өзгерте беруінің кесірінен өртті ауыздықтауға мүмкіндік болмай отыр. Сондай-ақ Аделаидада кеше ауа райы плюс 40 градусты көрсетсе, бүгін 31 градус ыстық болады деп күтілуде.