Австралияның сауда орталығында келушілер оқ астына алынды

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Австралияның Голд-Кост қаласында қоғамдық орында болған атыс салдарынан ер адам мен әйел қаза тапты, деп хабарлайды Утро.ру.

Австралияның сауда орталығында келушілер оқ астына алынды

Қылмыскерлер Robina Town Centre шоппинг орталығына келгендерге оқ жаудырды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де болды.

«Мен атысты естідім, одан кейін дене бітімі мығым, татуировкаға толы ер адам оқиға орнынан қашып кетуге тырысты», - деп айтып берді журналистерге оқиғаның куәгері. Сауда орталығы әкімшісінің айтуынша, екі рет атылған оқтың салдарынан ер адам мен әйел көз жұмды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіру үстінде.