Австралияның сот органдары Алтынай Батырханованың 8 айлық баласын елге қайтару мәселесін қарамақ

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Австралияның сот органдары өткен жылы өзінің шетелдік күйеуінің қолынан қаза болған Қазақстан азаматшасы Алтынай Батырханованың 8 айлық баласын елге қайтару мәселесін қарамақ.

Австралияның сот органдары Алтынай Батырханованың 8 айлық баласын елге қайтару мәселесін қарамақ

Бұны бүгін елордада журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.

Оның деректерінше, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Құрметті консулымен, қорғаушымен, сондай-ақ Австралия тарапымен бірлесе отырып, Батырхановтардың отбасына қажетті көмек көрсетуде.

«21-22 қаңтарда С.Батырханованың ата-анасы сотта қажетті құжаттарды алып, Астралияның Бризбен қаласына кетті. Сыртқы істер министрлігі бұл істі ерекше бақылауда ұстап отыр»,-деді ресми өкіл.