Австрия канцлері «Азбука жильяның» бұрынғы басшысын қайтаруға қатысты xатқа жауап берді

"Біз, үлескерлер де қол қусырып отырған жоқпыз. Біз Қазақстандағы Австрия елшісімен кездестік. Оған қазіргі проблеманың мән-жайын жеткіздік. Тіпті, Австрияның канцлеріне дейін xат жаздық. Ол xаттың жауабын да алдық. Елші де, канцлер де өз жауаптарын берді. Тайжановты Қазақстанға қайтара алмаймыз дейді. Сонда қалай? Ол адам xалықты тақырға отырғызып, шетелге тайып кетіп отыр. Ал Австрия билігі ұрыны қайтармаймыз деп жатыр", - деді Бәкібаев бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, ендігі кезекте үлескерлер Австрия үкіметіне тағы да өз үндеулерін жолдап, Тайжановты қайтаруда ешқандай саяси астардың жоқтығын барынша жеткізуге тырысады.
Айта кетейік, "Азбука жилья" компаниялар тобы 8 тұрғын-үйдің құрылысын аяқтаған жоқ. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, компания басшысы Ерқанат Тайжанов шетелге қашып, өзімен бірге үлескерлердің 40 миллиард теңгеден астам ақшасын үптеп кеткен.