Австрия Мажарстан және Словакиямен шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерін жапты

АСТАНА. KAZINFORM — Австрия аусылдың елге енуіне жол бермеу үшін көршілес Мажарстан және Словакиямен шекаралас жатқан 20 шақты бекетті жапты, деп хабарлайды Euronews.

Австрия закрыла большинство КПП на границах с Венгрией и Словакией
Фото: EPA

Словакия сейсенбіде үш фермада ауру анықталғаннан кейін төтенше жағдай жариялады.

Сәрсенбіде Мажарстанда аса жұқпалы ауру соңғы 50 жылда алғаш рет өршіді. Мемлекет Словакия және Австриямен шектесетін аймақта аурудың таралуына тосқауыл қою үшін бірден сарбаздарды жіберіп, дезинфекциялық шараларды бастап кетті.

Австрияның Денсаулық сақтау органдары Мажарстан және Словакиямен шекарадағы бірнеше ашық бекетті мұқият тексеріп жатыр. Вирустың таралуын болдырмау үшін көліктер эпидемиялық кілемді кесіп өтуі керек. Бұл шара шекарадан өтетін жаяу жүргіншілерге де қатысты.

Сонымен қатар, полиция шекара бекеттеріндегі көліктерді ет өнімдерінің бар-жоғын тексереді.

Австрия билігі төтенше жағдай режимі сақталғанша полиция ресурстарын шекараға шоғырландыратынын айтты. Олар шекара қызметтері жоғары дайындықта болғанымен, ауру олардың фермаларының бірінде табылған жағдайда қосалқы нұсқаларды да дайындап жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Кристиан Штокер Австрия халық партиясына басшылық ететіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар