Австрия мен Қазақстан сайлаулары арасындағы айырмашылық шамалы - Карл Оллингер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия мен Қазақстанның сайлау өткізудегі айырмашылығы шамалы ғана. Бұл пікірді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Австрияның «Жасылдар» партиясының мүшесі ел Парламенті Ұлттық кеңесінің бұрынғы депутаты Карл Оллингер білдірді.

Австрия мен Қазақстан сайлаулары арасындағы айырмашылық шамалы - Карл Оллингер

«Мен Қазақстанға байқаушы ретінде алғаш келіп отырмын. Дегенмен, сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын айрықша атап өткім келеді», - деді ол.

К.Оллингердің атап өтуінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссия алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға тыңғылықты дайындық жүргізіп отыр. «Мұндай үлкен елде сайлау өткізу айтарлықтай қиын», - деп қосты ол.

Сонымен қатар Австрия мен Қазақстанның сайлаулары арасында айырмашылық бар екендігін, бірақ оның шамалы ғана екендігін баса айтты.