Австрия мигранттар нөпірін шектеуді жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Македония заңсыз мигранттар нөпірін тоқтатуы тиіс. Бұл туралы қазір Балқан түбегінде жұмыс сапарымен жүрген Австрияның Сыртқы істер министрі Себастьян Курц мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
None
None

Сонымен қатар, Вена босқындар легі шегіне жеткен кезде, яғни жақын арада шекарасын жабатынын ескерткен. Жыл басынан бері Македония арқылы 55 мыңнан астам мигрант өтіпті. Олардың діттеген мақсаты - Австрия, Германия және Швеция сияқты елдерге жету.
Ал, Вена былтыр баспана сұраған 90 мың босқыннан өтініш қабылдаған. «Австрия, Германия мен Швеция мигранттар үшін ең қолайлы елдердің үштігіне кіреді. Бірақ биыл 37 500 босқынды ғана қабылдай аламыз. Бұдан басқа, күніне қанша мигрантқа шекарадан өтуге рұқсат беру керектігін біздің елдің Ішкі істер министрлігі бекітеді», деді Австрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курц.

Соңғы жаңалықтар