Австрия өкіметі «Маутхаузен» тұтқындар лагерін қалпына келтіреді

ВЕНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Австрия өкіметі Вена қаласында бұрынғы нацистер тұтқындарды ұстаған «Маутхаузен» лагерін қалпына келтіру мен қайта жөндеу туралы жоспардың таныстырылымын жасады,

Австрия өкіметі «Маутхаузен» тұтқындар лагерін қалпына келтіреді

«Маутхаузен» лагерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шамамен 200 000 адам қаза тапқан еді.

Линц қаласының маңында Дунай алқабында орналасқан бұрынғы тұтқындар лагері қазір фашизм құрбандарын еске алуға арналған Австриядағы ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы кезеңі 1,7 миллион еуро қаражат талап етеді деп есептеліп отыр. Жоспар бойынша қайта жөндеу 2013 жылдың басында аяқталуы тиіс.

2011 жылдың 9 мамыры күні Венада Қазақстан Республикасының Елшілігі және австриялық тараптың көмегімен «Маутхаузен» тұтқындар лагерінің аумағында Батыс Еуропада алғаш рет Ұлы Отан соғысы жылдарында Еуропа жерінде майданға қатысқан қазақ жауынгерлерін еске алу мемориалы орнатылған болатын.