Австрия өзін 2017 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия үкіметі сейсенбіде өткен отырыста Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуге республиканың кандидатурасын ұсынуға шешім қабылдады. Бұл туралы министрлер кабинеті отырысының нәтижесі бойынша канцлер Вернер Файман мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Австрия өзін 2017 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге ұсынды

«Вена маңызды халықаралық келіссөз алаңы болып табылады, сондықтан бұл шешімді дұрыс деп санаймын», - деді ол «дайындық жұмыстары басталып кеткенін» атап өтіп.

Австрия Республикасы ұйымды 2016 жылы басқаратын Германиямен бірге жұптық төрағалықты жүзеге асыруға ниетті. ЕҚЫҰ биылдан бастап жұптық төрағалық ету практикасын байқап көруді шешті. Мұндай басқаруда бірден екі ел басымдықтарды келісіп, ұсынып, алдағы екі жылға міндеттер қояды. Сонымен, биылғы төрағалық етуші Швеция ұйым басшылығын Сербияға табыстайды. Ол 2015 жылы Бернмен бұдан бұрын келісілген бағытты жалғастыратын болады. Германия 1 қазанда 2016 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге өз кандидатурасын ілгері жылжыту жайлы шешімін ресми хабарлаған болатын.