Австрия Президенті Н.Назарбаевтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишер Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Австрия Президенті Н.Назарбаевтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

Хайнц Фишер Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«Қазақстанның елдегі экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, демократиялық реформаларды да жүзеге асыруды жалғастыруын тілеймін» - делінген жеделхатта.

Австрия Федералдық Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.